ОПЕК+ келісімінен кейін мұнай бағасы өсті — Қазақстан жаңалықтары

0

Мұнай бағасы өндірісті қысқарту туралы ОПЕК+ келісімі жасалғаннан кейін өсе бастады, оны сауда-саттық деректері куәландырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 08:20-да Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына маусым фьючерстерінің бағасы 4,4 пайызға, барреліне 32,93 долларға дейін өсті.

Ал WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны 5,48 пайызға, барреліне 24,08 долларға дейін көтерілді.

Еске сала кетейік, ОПЕК+ елдерінің мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімге келгені хабарланды.

stan.kz