«Оның ставкасы – 5 мың теңге»: Мұғалімдер мен ата-аналар мектеп директорын ақша жинайды деп айыптады – Қазақстан жаңалықтары

0

Таразда мұғалімдер мен ата-аналар мектеп директорын ақша жинағаны үшін айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Almaty.tv» арнасына сілтеме жасап. 

мектеп

«Ол оқу жылының басынан аяғына дейін ақша жинайды. Өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланады. Әрқашан дөрекілік танытады. Ол кез-келген жерге барыңыздар, ештеңе өзгермейді дейді. Міне, дәл осылай деді», – деп шағымданды олар.

Ата-аналардың айтуынша, 43-ші қалалық мектеп директоры оқушылардан ақша жинайды. Жыл сайын олар мектепті жөндеуге белгілі бір соманы беруге мәжбүр. Олардың сөздерін мұғалімдер де растайды. Мұғалімдер де мектеп басшысының қысымына ұшыраған. Оларды да еңбек демалысы мен декреттік демалысқа у-шусыз кетуі үшін ақша төлеуге мәжбүрлейді. Олай болмаған жағдайда жұмыстан шығарады.

«Ол ашық сабақтар кезінде кабинеттерге баса-көктеп кіреді. Оның ставкасы – 5 мың теңге.  Егер төлемесең, онда сенің сабағың есептелмейді. Бір күні мен бұл ақша қайда кетеді деп сұрадым. Жауап ретінде ол акт жасап, мені хаттама бойынша жұмыстан шығарамын деп қорқытты. Кейін ол 17-нен бастап жұмысқа шықпауымды айтты», – дейді №43 мектептің бұрынғы мұғалімі Күнсұлу Бөрімбекова.

Сондай-ақ, мұғалімдердің сөзінше, мектеп директоры ұдайы жиналыс өткізіп, декреттік демалыстан оралғандардан «белгіленуді» талап етеді.

Дегенмен, білім беру мекемесінің басшысы өзіне қатысты барлық айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарды. Ол өзінің абыройын қайтару үшін әріптестерін сотқа беруге ниетті.

«Біз сотқа талап-арыз дайындаудамыз. Ненің дұрыс, ненің жалған екенін сонда шешсін. Барлығы заңға сәйкес, ол бәріне бірдей. Сондықтан сот кімнің, не үшін кінәлі екенін шешеді», – деді № 43 орта мектептің директоры Эльмира Өмірбекова.

Бұл жанжал облыстық әкімдікке де жеткен. Арнайы құрылған комиссия енді жағдайды тексереді.

Аудандық білім бөлімінің хабарлауынша, тексеру қорытындысы бойынша шешім қабылданады.

Алайда мұғалімдер директордың жауапкершіліктен жалтаруы мүмкін деп қорқады. Бұрын мұндай жанжал №25 мектепте болған, мұғалімдердің айтуынша, сол жердегі осыған ұқсас даудан кейін Эльмира Өмірбековаға жұмыстан кетуге тура келген.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз