Өмірзақ Шөкеев жаңа қызметке тағайындалды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Ол бұған дейін ҚР премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі болды

АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев 1964 жылдың 12 желтоқсанында Түркістан облысында туған. Экономика ғылымдарының кандидаты. Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген.

Еңбек өтілі

  • 1991-1993 жылдары – президент әкімшілігі мен министрлер кабинеті қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
  • 1993-1995 жылдары – Түркістан облысының мемлекеттік меншік жөніндегі территориялдық комитетінің төрағасы.
  • 1995 жылдың қараша айынан – ҚР Экономика министрі; ҚР вице-премьері;
  • 1997 жылдың қарашасынан 1998 жылдың сәуіріне дейін – «Тұран-Әлем» банкінің басқарма төрағасы;
  • 1998 жылдың тамыз айынан – ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары;
  • 1998 жылдың 19тамызынан – Қостанай облысының әкімі;
  • 2004 жылдың наурызынан – Астана қаласының әкімі;  
  • 2006 жылдың 20қыркүйегінен – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;
  • 2007 жылдың 27тамызынан – Қазақстан премьер-министрінің орынбасары;
  • 2009 жылдың 3 наурызынан — Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары;
  • 2011 жылдың 26 желтоқсанынан – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы;
  • 2017 жылдың 15 желтоқсанынан – 2019 жылдың 25 ақпанына дейін   ҚР премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі.

Күләш Шәмшидинова білім және ғылым министрі болып тағайындалды



sputniknews.kz