Олжас Сүлейменов: Жаппай той жасау отбасылық емес тайпалық сананың нәтижесі

1

Қазақстандық ақын, жазушы, әдебиеттанушы және қоғам қайраткері, дипломат Олжас Сүлейменов тойды өткеннің сарқыншағы деп атап, Қазақстандағы мерекелерді тағы бір қарастыру керектігін айтты. KzNews.kz cайты ақынның пікірін қазақшаға аударып беруді жөн көрдік.

Олжас Омарұлы жаппай той жасау отбасылық емес тайпалық сананың нәтижесі екендігін алға тартады. Ал бұл тарихтың қойнауына кетуі керек дейді.

«Мен өзімнің 18-20 жылдық ғұмырымды шетелде өткізіп, түрлі елдерде болып, той-томалақтың жүйесін білетіндігімнен емес.  Осындай түрде той тойлау тек бізде ғана қалған. Думандату, той – бұл отбасылық емес, тайпалық сананың нәтижесі. Бүкіл тайпа бір мерекені атап өткенде әрқашан осылай болған. Қазіргі уақыт басқа. Қазір қалалардың қатарына енген ауылдар өздерімен бірге «тайпалық», тайпалық санадағы идеологияларын, мәдениеттерін алып келіп жатыр. Менің ойымша, біз қазақтар, өзіміздің тайпалық санамызбен күресуіміз керек, мәдениет сананың артта қалған бұл көрінісімен тайталасуы қажет, әрі бұл тек қана мәдениетке емес, сонымен қатар әр отбасының экономикасына да ықпал етеді», – деді zakon.kz тілшісіне берген сұхбатында О.Сүлейменов.

Ол үлкен мерекелерден кейін дастархана көп тамақ қалып қоятынын, себебі адам мұндай ауқымды көлемдегі ас-ауқатты жей алмайтынын еске салды.

«Мен бұл тойларды тек карантин уақытында ғана емес, жалпы алып тастайтын едім. Біздікіндей форматта өтетін тойларға 500, несие алуда айы оңынан туғандар 1000 адамнан шақырады, сосын бір-бірін қонақ етіп, осындай кештер үшін қаншама жан-жануарды сояды. Біз қалада жеңіл-желпі тағамдарға үйренгенбіз, «теңіз жылан-шаяндары», деликатестер, осыларды үстелге қояды, артынша қой, жылқы еті қосылған тағам әкеледі, сондықтан бәрінің қарны бұған тояды. Кейін осының бәрі дастархана қалады, бұл үрдіс әр сенбі-жексенбі сайын қайталанады. Демек, малдың бәрін текке сойған болып шығады, себебі оны ешкім де жеген жоқ», – деп түйіндеді жазушы.

Загрузка...

1 Пікір

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз