Нұржан Керменбаевтың әйелі намазға қалай жығылғанын айтты

0

Нұржан Керменбаевтың жары өзінің орамал тағып, намазға қалай келгені туралы бар шындықты айтты. Назерке дін жолына түсуіне жұлдызды күйеуінің ықпалы зор болғанын жасырмады деп жазады NUR.KZ.

«Мен тұрмыс құрмай тұрып, орамал тағып жабық киінген емеспін. Одан кейін орамалға келдім. Ең әуелі Алланың қалауымен, екіншіден жолдасымның ықпалымен болған. Басты себепкерім – күйеуім.

Енем болса, орамал тартпай-ақ жүре бер деп айтқан. Тұрмысқа шыққан соң, бір айдан кейін күйеуімнің ықпалымен намазға да келдім. Ол кісі, қонаққа барғанда орамалыңды тақ деп айтатын. Содан қалыптасып кетті. Менің орамал таққанымды жолдасым қалады» , – деді Назерке.

https://www.instagram.com/p/BkJrE7Fh-tG/?utm_source=ig_embed

Оған қоса, Керменбаевтың әйелі әнші тарапынан ешқандай қысым болмағанын айтты.

«Қалады дегенім, қысым болды деген сөз емес. Міндеттісің деп күш көрсеткен емес. Ол менің өзімнің орамалды шын көңіліммен таққанымды сабырмен күтіп жүрді. Бірақ, екі анам да қарсы болды шыны керек, орамал тартқаныма» , – дейді Нұржанның әйелі.Тағы да оқыңыздар

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз