Нұртас Адамбай: Ел халқына төнген сұмдық жағдайды кей отбасылар күнделікті көріп жүр — Қазақстан жаңалықтары

0

Актер, әрі режиссер Нұртас Адамбай елде болып жатқан індетке қатысты ойын айтты. Ол бұл жайттың кей отбасында үйреншікті жағдайға айналғанын жеткізді. Мемлекет билігі науқас балаларға немқұралы қарамаса деген пікірін ортаға салды. 

«Вирус аяқталып, бәріміз қалыпты өмірге оралғанда ел билігі науқас балаларға көмектесуі керек. Олардың ата-анасы мемлекеттен қолдау таппаған соң, елден көмек сұрауға мәжбүр. Барлық адамзат, біздің еліміз де мұндай пандемиямен алғаш рет бетпе-бет келіп отыр. Ал, біреулердің өмірі күнделікті осындай ауыр жағдайға толы болуы мүмкін.

Адамдардың денсаулығы, әсіресе балалардың денсаулығы бірінші кезекте. Неге тұрғындарға қауіп төнгенде мемлекет сонша ақша бөледі. Ал, мәселе балаларға келгенде дәрменсіз. 

Науқас балалар мен оның отбасына көмектесу — мемлекеттің бірінші міндеті. Желіде балаларға көмек сұраған мыңдаған жазбалар жүр. Мемлекет оларға көмектесуге дәрменсіз бе? Балалардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қолға алып, іске асыратын уақыт келді», — деді Адамбай желідегі парақшасында.

Бұған желі қолданушылары қолдау білдірді. 

«Қанша адам көмек сұрап, қол жайғанымен мемлекет ақшаны керексіз мерекеге, салют пен концерттерге жұмсап жатыр. Есеп беру үшін жасайды бәрін», «Кино түсіре бермей, саясатқа барсаңызшы. Осындай ұстанымда босаңыз», «Сіздің сөзіңіз жерде қалмайды деп үміттенемін», — деп жазды оны қолдаушылар.

«Көмекті мемлекеттен күтпей, еңбе ету керек, отбасыны әркім өзі асырайды» деген пікір айтушылар да аз емес. 

stan.kz