Нұрсұлтан Назарбаев құрметті сенатор болды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

8 0 0

Cенат депутаттары Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесін беру туралы шешім қабылдаған еді

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Сенатта Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» төсбелгісі мен куәлігі табыс етілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев сенатқа келді. Жоғары палата депутаттары Елбасыға «Құрметті сенатор» төсбелгісі мен куәлігін табыстады.

Айта кетсек, 30 мамырда сенат депутаттары Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесін беру туралы шешім қабылдаған еді. Бұл бастаманы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген болатын.

Енді Елбасы сенаттың, комитеттердің отырысына, соның ішінде ашық отырыстарға қалаған уақытында қатысып, өзінің ой-пікірін білдіре алады. Құрметті сенаторға жалақы төленбейді.

«Құрметті сенатор» мәртебесі Қазақстан парламенті сенатының тарихында алғаш рет беріліп отыр.

Назарбаевтың басқа қандай мәртебелері бар?

Президенттік өкілеттігін тоқтатқаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өмір бойына тұңғыш президент – Елбасы мәртебесіне ауысты.
Сонымен қатар, Елбасы тарихи миссиясына байланысты Қазақстанның қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқарады.

Түркия президентінің ұсынысымен Назарбаевқа Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің өмір бойғы құрметті төрағасы мәртебесі берілді.

Бұған қоса, 29 мамырда елордада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық саммитінде Қазақстанның тұңғыш президентіне тағы бір мәртебе берілді. Ресей басшысының ұсынысымен ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы атағын алды.



sputniknews.kz