Нұр-Сұлтанның сол жағалауындағы ауданында егеуқұйрық қаптап кетті – видео

0

https://sputniknews.kz/images/1214/14/12141487.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/capital_life/20191210/12245511/Nur-Sultan-egeuqyuryq-video.html

Пәтер иелері осы үйде ет мүшелейтін кәсіпкерлерді кінәлап отыр. Солардың кесірінен егеуқұйрықтардан құтыла алмай отырғанын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан — Sputnik. Елордадағы «Жағалау» ауданында егеуқұйрық қаптап кеткен.

Егеуқұйрық алдымен кіреберісте болған, ал қазір далаға дейін шығып кетті, деп хабарлайды «Еуразия» телеарнасы.

«Мына жердегі тесікті жауып тастадым. Өйткені егеуқұйрық кіріп кетеді деп қорқамын. Мына жерге де бетон құйып тастадық», — дейді Нұргүл Егімбаева.

Оның «Жағалау» шағын ауданында пәтер алғанына екі-ақ ай болыпты. Мұндай мәселе туындайтынын мүлдем білмегенін айтады.

 



sputniknews.kz