Нұр-Сұлтандағы дауылдан ағаштар құлап, көліктер қирады – видео

0

Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындарына қатты жел болатынын ескерткен еді

НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз — Sputnik. Елордада қатты желдің салдарынан ағаштар сынып, көліктерге зиян келді.

Дауылды желдің салдарын қала тұрғындары мен қонақтары желіде жарыса жариялап жатыр.


©
Sputnik / Жибек Кашкеева

Елордада қатты жел соқты

Мәселен, Тәшенов көшесінде қатты желден ағаш сынып кеткен. Ол жолдың шетінде жатыр. Желі қолданушылары бөлісіп жатқан басқа видеодан қираған көліктерді көруге болады.

Жұма, 30 тамызда метеорологтардың мәліметі бойынша Нұр-Cұлтанда желдің күші секундына 20 метрге жетті. Қалада бұршақ жауады деп болжанып отыр.



sputniknews.kz