Нұр-Сұлтандағы базарда жойқын өрт болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

«Big Шанхай» базарында 30 азық-түлік дүкені өртеніп кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз — Sputnik. Нұр-Сұлтандағы базарлардың бірінде ірі өрт болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер келгенде, жеке орналасқан «Ярмарка» көтерме тауар қоймасында 30 азық-түлік дүкені жанып жатқан.


©
Photo : Комитет по ЧС

Абырой болғанда, өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ

«Big Шанхай» базарындағы өрт туралы хабар 03:49 кезінде түсті. Тілсіз жау 04:35-те ауыздықталып, 05:08-де толығымен сөндірілген.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанның аспанын қою қара түтін басты — өрттің видеосы

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, өрт аумағы 500 шаршы метр болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.


©
Photo : Комитет по ЧС

Алапат өрт кезінде қоймадағы 30 дүкеннің түгі қалмай жанып кетті

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 44 адам мен елордалық төтенше жағдайлар департаментінің 12 көлігі жұмылдырылды.



sputniknews.kz