Нұр-Сұлтанда жүздеген дәрігер коронавирус жұқтырды — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтан қаласында пандемия кезінде 330-ға жуық медицина қызметкері вирус жұқтырғаны туралы денсаулық сақтау басқармасының бастығы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сәуле Қисықованың сөзінше дәрігелердің үштен бір бөлігі ғана науқастармен тікелей қарым-қатынаста болған. Ал өзге қызметкерлер қызметтен тыс вирус жұқтырған көрінеді.

«Қалада медицина қызметкерлерінің арасында аурудың 330 жағдайы тіркелді. Мұның бәрі Нұр-Сұлтандағы республикалық, қалалық, ведомстволық мекемелер. Оның ішінде денсаулық сақтау департаментінің 200-ге жуық медициналық қызметкері ғана коронавирустық инфекциясы бар науқастар емделетін ауруханаларда қызмет атқарған», — деді Сәуле Қисықова.

Нұр Сұлтанның медицина қызметкерлері арасында COVID-19 инфекциясынан өлім жағдайлары жоқ.

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында бүгінгі күнге дейін қызметкерлер арасында коронавирус жұқпасының 40 жағдайы тіркелген.

«Тексерулер профилактикалық мақсатта жүргізілді. Қатаң түрде өтті, ол байқалмайды. Барлық эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде, 40 маманның барлығы асимптоматикалық курспен үйде карантинде», — деді елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева.

stan.kz