Нұр-Сұлтанда тісін емдеткеннен кейін екі жарым жастағы бала комаға түсті  

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Он бір тәуліктен бері ес-түссіз жатқан қыздың анасы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан көмек сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар — Sputnik. Нұр-Сұлтанда тісін емдеткеннен кейін екі жарым жастағы бала комаға түсті.

Қыздың анасы бұл туралы әлеуметтік желідегі топта жазды. Айтуынша, 26 желтоқсанда екі жарым жастағы қызын тісін емдету үшін стоматологияға апарған.

«Қан анализі мен коагулограмма алды, басқа ешқандай анализ алған жоқ. Бұған дейін біз екінші қалалық балалар ауруханасында тісін жұлдыртқандықтан, дәрігер-стоматолог сынама алудың керегі жоқ деді. Мен бірнеше рет Севораннан басқа балаға не саласыңдар деп сұрап едім, маған өзге ештеңе салмаймыз деді. Тек кейін убистизин және эсмерон егілгені белгілі болды. Енді бала он бір тәуліктен бері комада жатыр», – деп жазды Анастасия Зеленая Facebook-те.

Қыздың анасы қаладағы ауруханалар баланы қабылдамай жатқанын жеткізді. Қазір екеуі балалардың инфекциялық ауруханасында жатыр, әйелдің айтуынша, бұл жер әлсіз сәби үшін қауіпті.

Елорда тұрғыны денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан көмек сұрады. Министр қыздың анасына жағдайды өз бақылауына алғанын хабарлады.

«Мән-жайды анықтап жатырмыз. Өкінішке қарай, баланың жағдайы нашар, бірақ дәрігерлер тарапынан барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр», – деп сендірді Біртанов.

Министр денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабековаға мән-жағдайды шұғыл анықтап, стоматологиялық клиниканы тексеруді тапсырды.  



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз