Нұр-Сұлтанда соңғы тіркелген 14 науқас ауруды қайдан жұқтырғаны айтылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтанда тіркелген 14 науқас ауруды қайдан жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. 

«Соңғы тәулікте елордада коронавирус жұқтырған 14 адам тіркелді. Оның ішінде 9-ы – карантинде стационарда болғандар. Үшеуі бұрын тіркелген адамдармен байланыста болғандар. Біреуі – 25 наурызда Нұр-Сұлтандағы әуежайға ұшып келген адам. Бесеуі – стационарда пневмания күдігімен өткір ЖРВИ-мен жатқандар. Қалғандары – коронавирус бойынша жағдай жайсыз елдерден ұшып келгендерді қадағалау барысында анықталды», — деді Абаев.

Науқастардың барлығы станционарға жатқызылыпты. Министр ауруға шалдыққандармен қарым-қатынаста болғандар іздестіріліп жатыр деп қосты.  

«Кейінгі уақытта азаматтардың көшеге шығуын тежеу бойынша жиырмаға тарта сұрақ келіп түсті. Бұл сұрақ мемлекеттік комиссияның қарауында. Комиссия отырысы бүгін өтеді. Нәтижесін БАҚ-қа жариялаймыз», — дейді шенеунік.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 100-ден асқаны айтылған еді. 

 

stan.kz