Нұр-Сұлтанда қаламаңы автобустары жүре бастады

0

Қала мен облыс шекарасындағы блок бекеттер алынғаннан кейін бағдардағы автобустардың жұмысы қалпына келтірілді

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда қаламаңы бағдарларының қозғалысы қалпына келтірілді, қоғамдық көліктер сағат 06:00-ден 22:00-ге дейін жүреді, деп хабарлады City Transportation System (CTS).  

«Автобустарға бұрынғыша дезинфекция жасалады. Автобус жүргізушілері қауіпсіздік шараларын сақтайды: маска, қолғап киіп, антисептик қолданады», – деп атап өтті CTS.

Жолаушылар да бетперде киіп, санитарлық нормаларды сақтауға міндетті.  

Жолақыны қолма-қол ақшасыз төлеу қажет.

Оқи отырыңыз: 1 маусымнан бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді 

Еске сала кетейік, сағат 00:00-ден бастап Қазақстанның қалалары мен облыстары арасындағы блок бекеттер алынып тасталды.

Дегенмен, облыс әкімдіктерінің шешімімен коронавирус инфекциясының ошақтары бар жерлерде жергілікті блок бекеттер орнатылуы мүмкін.  



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз