Нұр-Сұлтанда полиция «Хан Шатырды» қоршап алды   

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

«Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығының қызметкерлері эвакуацияланды, полиция айналаны қоршады

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Сенбі күні таңертең «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығының жертөлесіндегі электр кабельдері өртенді, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті.

«Хан Шатыр» СОО сауда үйінің астыңғы қабатынан түтін шыққаны туралы хабарлама «101 пультіне» сағат 09.42-де түсті.

Тағы оқыңыз: Алматыда «барахолка» өртенді – видео

Шақырылған жерге келген өрт сөндірушілер техникалық бөлмедегі электр кабельдерінің өртенгенін анықтады, ол сағат 10:36-да толығымен сөндірілді.

Сауда орталығының әкімшілігі өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін қызметкерлер мен келушілерді эвакуациялауды ұйымдастырды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Полиция қызметкерлері ойын-сауық кешенінің аумағын қоршауға алды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз