Нұр-Сұлтанда өзін ұрлауды ұйымдастырған әйел ұсталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтан полициясына белгісіз біреулер әйел мен оның екі кәмелетке толмаған баласын ұрлап әкеткені туралы мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

көлік

Белгілі болғандай оқиға 16 найрызда болған. Хабарламадан кейін, аса ауыр қылмыстар санатына жататын қылмысты ашу үшін жедел-тергеу тобы мен криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жіберілді, оның ішінде дабыл бойынша астаналық гарнизон көтерілді. Бағдар республиканың барлық өңірлеріне жіберілді.

Қабылданған шаралар барысында балалары бар әйелдің белгісіз азаматпен бірге жеке көлігімен қаладан шығып, оңтүстікке қарай бара жатқаны анықталды. Полиция қызметкерлері «Ұстау» жоспарын жариялады.

16 наурызда түнде Балқаш қаласына жетпей, аталған көлікті Қарағанды облысының полицейлері ұстады.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері бірнеше сәйкессіздіктерді анықтап, қылмысты жәбірленушінің өзі жасағанын дәлелдеді. Сондай-ақ, қылмыстық іске тағы екі адам қатысқаны белгілі болды.

 

stan.kz