Нұр-Сұлтанда отбасы коронавирус жұқтырды: Олардың ең кішісі бір айлық сәби — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтанда карантин режимін сақтамау салдарынан отбасының барлық мүшелері коронавирус жұқтырды — бұл алты адам: ерлі-зайыптылар, бір айлық және 5 жасар балалары, сондай-ақ қарт ата-аналары, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Коронавирус барлық отбасы мүшелерінен анықталғаннан кейін, ата-аналар қатаң санитарлық нормаларды сақтамағандарын мойындады. Олар карантин режимін бұзды. Нәтижесінде қазір барлық отбасы мүшелері емделуде», — делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің қоғамдық денсаулық сақтау бөлімі тұрғындарды денсаулығына және жақындарының денсаулығына немқұрайлы қарамауға шақырды. «Қатерлер әлі жойылған жоқ. Карантин режимінен босату сіздің бұрынғы өміріңізге оралғаныңызды білдірмейді. Сіз сонымен қатар қатаң санитарлық нормаларды ұстануыңыз керек. Маскаларды киіңіз, қолыңызды сабын / антисептикпен жуыңыз, бөлмені желдетіңіз, топталмаңыздар және үйлеріңізде адам қабылдамаңыздар / бір-біріңізге қонаққа бармаңыздар», — деді департаментте.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда корнавирусты жұқтырғандар саны 4500-ден асты.

 

stan.kz