Нұр-Сұлтанда моншадан әйел адамның мәйіті табылды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Екінші топтағы мүгедек әйел елордадағы монша кешенінің біріндегі бассейнде тұншығып мерт болған

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Астаналық «Керемет» моншасының бассейнінен әйел адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады.

Әйел монша кешеніне бейсенбі күні кешке келген. 19.10-да бассейннен оның жансыз денесі табылып, оқиға туралы дереу полицияға хабарланған.

51 жастағы марқұмның екінші топтағы мүгедек екені («эпилепсия» диагнозымен) анықталды.

Ол монша кешенінде анасының сүйемелдеуімен болған.

Оқи отырыңыз: Қостанайда әйел моншада тірідей өртеніп кетті

Аталған оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде.



sputniknews.kz