Нұр-Сұлтанда коронавирусқа байланысты мейрамхананың 40 пайызы той өткізуден бас тартқан — Қазақстан жаңалықтары

0

Елордада 2000-ға жуық мейрамхана клиенттерінің 40 пайызы той өткізуден бас тартқан. Бұл соңғы екі күнде болған жағдай. Қазақстандағы рестораторлар клубының мүшелері егер бұлай жалғаса берсе, шығынға шаш етектен батамыз дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазақстан» Ұлттық арнасына сілтеме жасап.

той

Әсеттің үйлену тойы осы айдың 27-сі өтуі тиіс. Көптен бері дайындық үстінде. Мейрамханамен келісілген, қонақтар шақырылған. Той иесінің айтуынша, бүгінге дейін бір миллион теңге жұмсалған.

«Жаңа жылдан бастап дайындық жүріп жатыр. Біраз шығын кетті. Жылқы алдық, қонақтар шақырылды. Енді тойдан бас тарт деп жатыр. Қалай істейтінімізді білмеймін. Той да өткізгім келіп тұр», – Әсет Малғаждаров.

Вирустың әсері тойханаларға да кері әсерін тигізбек. Өйткені 2000-нан астам мейрамхананың клиенттерінің тең жарымы тойдан бас тартқан. Бірақ тойхана иелері санитарлық ережені қадағалауға дайынбыз деп отыр. 

Қазақстанда 18 мыңнан астам дәмхана мен мейманхана бар. Егер той өткізушілердің бәрі бас тартса, кәсіпкерлер шығынға ұшырап жабылуы да мүмкін. 

«Естеріңізде болар, желтоқсанның аяғында ұшақ құлады. Сол кезде мейрамханалар миллиондап шығынға батты. Небәрі бір-екі күнде. Ал бір-екі айға карантин қойса, адамдар бас тартса, онда жағдайымыздың не боларын білмейміз», – дейді Вероника Нұрпейісова ҚР рестораторлар клубының президенті.

Тойжан бас тартқан халыққа алдын-ала төлем түгел өтелмейді. Келісім солай болғандықтан қос тарап та шығынға ұшырайды. Сондықтан кәсіпкерлер палатасы бұл түйіткілді қадағалауға алып, қолдау танытуға ниетті.

«Қанша мейрамхана қанша қиындық көреді. Көріп жатқан қиыншылығымыздың мөлшері керек. Ал сол мөлшерге үш тараптан салық жағынан несиені немесе айыппұл басқасын тоқтаты немесе банкілермен созу мәселесі, екінші жеңілдету, үлкен несиеңіз болса жеңілдетіп несие беру. Сол тарапынан конпенсация беру жағынан қаралатын болады», – дейді ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

Той халық жиналатын көңіл көтеретін сәт. Бірақ тілек айту, құшақтасу әдет болғанымен дәл қазіргі уақытта қауіпті құбылыс.
 
 

stan.kz