Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауырған он адам ауруханадан шығарылады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Дәрігерлер жазылып шыққан адамдардың барлығы екі апта бойы үй карантинінде отыруы тиіс екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда коронавирустан тағы он адам жазылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Қисықова мәлімдеді.

«Бүгінбіз зертханада коронавирус жұқтырғаны расталған он науқасты үйіне шығаруды жоспарлап отырмыз. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымданып жатқан жоқ. Екі рет зертханалық зерттеу жүргізілді», – деді ол брифингте.

Науқастар үйде 14 күн карантинде отыруға келіскен жағдайда ғана шығарылады. Оларға тиісті ұсынымдар беріледі.

 Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда екі науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Соңғы мәліметке сәйкес, елімізде науқастардың саны 204 адамға жетті.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз