Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар қашан ашылады? Елордалық бас санитар дәрігердің жауабы — Қазақстан жаңалықтары

0

Елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева қаладағы кинотеатрлардың қашан ашылатыны жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

кинотеатр

«Кинотеатрлардың ашылуы тақырыбына тоқталсақ, бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Бүгінде тиісті қаулы әлі шығарылмады. Егер де қаулыны шығаратын болсақ, онда көрермендерді отырғызудың барлық алгоритмдері мен кинотеатрларды ашу кезіндегі қажетті шаралар ескеріледі», — деді бас санитар дәіргер. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда маусым айында кинотеатрлар ашылады деп айтылған еді. Еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың жарлығына сәйкес, кинотетарларды ашу карантин режимін жеңілдетілуінің үшінші кезеңімен тұспа-тұс келеді. 

Айта кетерлік жайт, Нұр-Сұлтанда сауда ортылқтары 25 мамырдан бастап ашылған болатын. 

 

stan.kz