Нұр-Сұлтанда ер адам автокөліктерге пышақ ала жүгірді – видео

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Ер адам пышағын қайрап, өтіп бара жатқан көлік жүргізушілерін шошытты. Видеоға қарағанда, ол патрульдік көлікке де шабуыл жасамақ болған

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда өтіп бара жатқан автокөліктерге пышақ ала жүгірген мас адам ұсталды, деп хабарлады елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 8 маусымға қараған түні Абай даңғылы мен Янушкеевич көшесі аумағында болған.

Полицейлер ер адамның жат қылық көрсеткенін жедел басқару орталығының видеобақылау камералары арқылы байқаған. Ол жол бойымен келе жатып, пышағын қайрап, автокөліктерге бас салған, жүргізушілер ол жерден тез кетіп қалған.

Оқи отырыңыз: Қостанайда жүргізушіні пышақтамақ болған қаскүнем таяқ жеп қалды

Оқиға орнына жеткен полицейлер жанжалқойды ұстап, Байқоңыр ауданының полиция басқармасына жеткізді. Ол 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, ол мас болған.

Оқиға орнынан пышақ пен қайрақ алынды, деп хабарлады полиция.

Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



sputniknews.kz