Нұр-Сұлтанда блокпосттарда жұмыс істеген дәрігерлер, полицейлер мен еріктілер марапатталды – Қазақстан жаңалықтары

0

Бүгін Қарағандыдағы «Жібек жолы» блок-бекетінде Нұр-Сұлтан полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов індетпен күресте алдыңғы шепте болып, оның таралуына жол бермеу үшін белсенді жұмыс істеген дәрігерлер, полицейлер мен еріктілерді марапаттады, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Дәрігерлер, еріктілер мен полицейлер ҚР ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаев, елорда әкімі Алтай Көлгінов және Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденовтың атынан грамота және алғыс хаттармен марапатталды.

«Дәрігерлер, полицейлер мен еріктілер бірігіп, індетті жеңіп, үйреншікті өмірімізге оралуға көмектесті.  Полицейлер мен еріктілерге ерен еңбегі үшін алғыс айтамыз. Біздің азаматтарымыздың денсаулығы сіздердің жұмыстарыңызға байланысты болды. Сіздер нағыз жанашырлық пен қамқорлықтың жарқын үлгісі болдыңыздар», – деді Ержан Сәденов.

Еріктілер полицейлермен бірге рейдтер мен профилактикалық шараларға қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Учаскелік инспекторлармен бірге азаматтармен кездесіп, оларға қауіпсіздік шараларын еске салды. Дәрігерлер тәулік бойы адамдардың өмірін құтқарып, инфекциямен алдынғы шепте күресті.

Бұған қоса, полиция департаменті карантин режимі аяқталмады, эпидемия жойылған жоқ. Сондықтан маска киіп, санитарлық-эпидемиологиялық режимді қатаң сақтау керегін ескертті.
 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз