Нұр-Сұлтанда аштық жариялап, министрлік алдында түнеген аналарды полицейлер күштеп әкетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Елордада аштық жариялап, министрліктің алдында үш күн, үш түн қонған аналарды полицейлер отырған орындарынан күштеп тұрып автобусқа тиеп алып кетті. Көшеге шығып айғай-шу шығармадық, тәртіп бұзбадық, үнсіз ғана отырдық деген оларды коронавирусқа қауіп бар деген желеумен салып әкеткен сыңайлы. Бұл туралы Stan.kz апарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

аштық

Үш күн бойы аштық жариялап, министрлік алдында қонған аналар ақ түсті қорғаныш киімдерін киген қызметкерлердің оларды күштеп алып кеткен сәтін видеоға тсіріп алған. 

«Наразылардың құтқаруға шақырған дауысы алыстан естілді. Бүкіл аналардың атынан шыққан біздерді қарсы болсақ та, «коронавирусқа тест тапсыруларыңыз керек», деп әдейі мәжбүрлеп алып кетті», — дейді аналар.

Ал аналар отырған министрлік ғимаратының алдын тазалыққа жауап беретін қызметкерлер ештеңе болмағандай тазалап қойған.

Аналарды алып кеткен полиция департаментіне ешкімді кіргізбеді. Оларды қолдауға ПД ғимаратының алдына бір топ адам жиналды.

«Таңертең ұстап әкеткендерді шығарсын», — деген талап қойды қолдаушылары.

«Бейбіт түрде талап етті, құр отырды. Қолымызда қаруымыз жоқ, ештеңе жоқ. Бізді есітуі керек қой ол кісілер. Бір адам шықпады. Енді бүгін мынаған қамап тастады», — деді көпбалалы ана Сәрсенгүл Әшірбаева.

 

 

stan.kz