Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ ондаған адамды ұстады

0

1 мамырда Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ наразылыққа келген ондаған адамды ұстап әкетті. Наразыларды ұстау кезінде арнайы жасақ кейбір адамдарды резеңке таяқпен ұрғаны байқалды. Сәлден соң жасақ резеңке наразыларды таяқпен ұруды дереу тоқтатты.

Кейін наразы халықтың алдына прокуратура өкілдері шығып, «бұл заңсыз митинг екенін, тарамаса, жауапқа тартылатынын» ескертті. Жиналғандар полициядан ұсталғандарды босатуды талап етті. Халық алдына келген полиция өкілі «бір сағат ойларыңызды айтуға рұқсат бердік. Енді тараңыздар. Ал ұстаған адамдарды босатамыз» деді.

1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылық білдіріп, «Сайлауға – бойкот!», «Әділ сайлау талап етеміз!», «Масқара!» деп айғайлады.

Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы наразылық. 1 мамыр 2019 жыл.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз