Нұр-Сұлтанда 9 қабатты тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

10 0 0

Тұрғын үй кешенін полицейлер күзетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тұрғындардың сыртқа шығуына тыйым салынған

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 9 қабатты тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әзірбаев көшесіндегі көпқабатты 14 үйдің (Алматы ауданы) кіреберісі карантинге жабылды. Аталған үйдің тұрғындарына алдағы екі апта бойы пәтерінен шығуға тыйым салынды. Кіреберіс қоршалып, полицейлер күзетіне алынған. Бөгде адамдардың кіруіне тыйым салатын белгі қойылды. 

Астанада коронавриус індетін жұқтырған тұрғындар тұрған үйдің кіреберістері қоршауға алынатыны бірнеше күн бұрын  белгілі болған.

Оқи отырыңыз: Карантин күшейтіледі: Нұр-Сұлтан мен Алматыда тұрғындардың үйден шығуы шектелмек

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі жергілікті билік халықты карантиндік шарттарды қатаң сақтау қажеттігі туралы алдын-ала хабардар етуі керектігін мәлімдейді.

Мұндай жағдайда тұрғындарға азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді жақын дүкендер мен дәріханалардан сатып алуға рұқсат берілуі тиіс. Полиция бөліміне карантиндік кіреберісті тәулік бойы қорғауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Коронавирус індетінен Нұр-Сұлтанда 31 наурыз күні 50 жастағы науқас қайтыс болды. Ол COVID-19 дертінен басқа артериялық гипертензия және қант диабеті сияқты созылмалы сырқатымен қоса, инсулинге тәуелділігі  болған.

26 наурыз күні 64 жастағы Ақмола облысының тұрғыны коронавирус дертінен көз жұмды. Ол қант диабетімен ауырған. Бұл Қазақстандағы алғашқы оқиға ретінде тіркелді.

Оқи отырыңыз: Біртанов карантиннің қай уақытқа дейін созылатынын айтты

Ал 1 сәуірде Қарағанды облысында коронавируспен ауырған науқас қайтыс болды. Қайғылы оқиғаның толық мән-жайы әлі белгісіз.

Елде коронавирустық инфекция жұқтырудың 363 жағдайы тіркелді. Ең көп жұқтырған Нұр-Сұлтан қаласы – 184, Алматы – 84 және Қызылорда облысында – 18.



sputniknews.kz