Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны боранда мерт болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр Сұлтанның тұрғыны қарлы боранда мерт болды. Қазақстанның кейбір аймақтарында ауа райы әлі де жауып тұр. Ақмола облысында адамдар тас жолдан арқанмен эвакуацияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап.

Қарлы боранда адамдарды жоғалтып алмау үшін құтқарушылар оларды ортақ арқанмен байлап қоюға шешім қабылдады.Осылайша қарлы боранда көліктерімен қалып қойған 20 адамды құтқарып алды. Бұл жағдай Ақмола облысында Ерейментау қаласынан 10 шақырым жерде болған. 

67 жасар Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Новокубанка және Белое Озеро ауылдарының ортасында қарлы боранның құрсауында қалып қойып, көмек шақыру үшін жаяу жолға шыққан. Ер адамды іздеу үшін жергілікті тұрғындар, құтқарушылар, полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Іздеу барысында арнайы техника да қолданылған, алайда келесі күні көлігінен 5 шақырым жерден ер адамның мәйіті табылды.

Бір тәулік ішінде боранда 200-ден астам көлік қалып қойған, 1000 адам құтқарылып, басым бөлігі жылыту аймақтарына жеткізілген. 

«Кей жерлерде көліктерді қалдырып, адамдарды ғана эвакуацияладық. Сонымен қатар елді мекендерге жедел жәрдем жіберілді. Ауылдардан еккіқабат әйелдерді қалаға жеткіздік. Қарағандыдан Теміртауға жедел түрде хирургты жеткіздік», — дейді Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысының орынбасары Мұрат Қатпанов.

Қарағанды облысында тәулік бойы боранда жоғалып кеткен екі бақташыны іздеп, бақытымызға орай олар табылды

Кеше республикалық жолдардың үштен бір бөлігі жабылды, сонымен қатар алты облыстағы 20 жолда шектеулер тұр. Құтқарушылар ауа-райы жайлы жіберілетін ақпараттарды тексеріп, «Дәрмен» мобильді қосымшасын пайдалануға кеңес береді.   

stan.kz