Нұр-Сұлтан қаласында 12 мамырдан бастап қоғамдық көлік жүреді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Қандай бағдардағы автобустар іске қосылатыны туралы толық ақпаратты қалалық әкімдік кейінірек хабарлайды

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Елордада 12 мамырдан бастап қоғамдық көлік жұмысы қайта жанданады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Мемлекет басшысы қоғамдық көлік жұмысын қайта жандандыруға баса назар аударды. Ертеңнен бастап (12 сәуір – Sputnik) автобустар қайтадан іске қосылады», — деді Бақтияр Мәкен.

Ол қоғамдық көлік жайлы толық ақпаратты қала әкімдігі кейінірек хабарлайтынын айтты.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда карантин режимі енгізілген соң қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылған болатын. Қала тұрғындары қала ішінде тек жеке көліктері және такси арқылы қатынады.

11 мамырда Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталды, алайда Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимі жалғасады.

Нұр-Сұлтан қаласында 1083 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, 404 адам емделіп шықты, 3 адам қайтыс болды. 

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда такси жүргізушіден коронавирус табылды

Қала бойынша ПТР әдісімен коронавирусқа 40 мың тест алынды және 24 мың экспресс-тест тапсырылды. Қалада күн сайын үш мыңнан аса адам коронавирусқа тексеріліп жатыр.



sputniknews.kz