Нұр-Сұлтан полициясы ер адамды неліктен қатаң түрде ұстағанын түсіндірді — Қазақстан жаңалықтары

0

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан қаласындағы тәртіп сақшыларының ер адамды қатаң түрде ұстап жатқаны түсірілген видео тарады. Полиция осы дерекке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

полиция

Бейнеден полиция қызметкерлері мен әскери қызметкерлердің жерде жатқан адамды ұстап жатқандығын көруге болады.

Елордалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 19 сәуірде болған. Патрульдеу кезінде бір әйел Байқоңыр аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция бөлімінің инспекторына және екі әскери қызметшіге келіп, көршілері аулада алкоголь ішіп, шу шығарып, бөтелкелерді сындырып жатқанын, басқа көршілердің ескертулеріне құлақ аспайтынын, осылайша қоғамдық тәртіпті бұзғанын айтқан.

Полиция қызметкері мен әскери қызметшілер аталған мекен-жай бойынша барған кезде қоғамдық тәртіпті бұзған шамамен он адамдық топ үйдің алдында тұрған, оның ішінде үш әйел бар. Олар төтенше жағдай кезінде карантин режимін сақтау қажеттілігі туралы билік өкілдерінің талаптарына агрессивті жауап қайтарған.

«Осы кезде олардың бірі, 1992 жылдың 17 қыркүйегінде туған азамат Заболотин Павел Николаевич, мас күйінде бірнеше рет қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған, полиция қызметкеріне шабуыл жасап, оны ұрып-соғып, денесінің әртүрлі жерлеріне дене жарақаттарын келтірді. Қалғандары, соның ішінде әйелдер де жаяу нарядқа қасақана бағынбай, оларға тастар лақтырып, былапыт сөздер айтып бастады», — деді полицияда.

Жаяу нарядқа көмек көрсету үшін қосымша полиция күштері шақырылған.
Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық қатысушысын жағдайды анықтау үшін Байқоңыр аудандық полиция басқармасына жеткізді.

Аталған факті бойынша П. Н. Заболотинге қатысты ҚР ҚК-нің «Төтенше жағдай жарияланған жерде билік өкіліне қатысты күш қолдану» бабының 9 тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Азамат ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібінде ұсталып, тергеу судьясының санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды.

Қалған қатысушыларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалды.

«»Instagram әлеуметтік желісінде түсірілген бейнежазба жалпы контекстен алынған. П. Н. Заболотинді ұстау кезінде полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттері түсірілген бейнежазба бойынша, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы құқықтық баға беру үшін ҚР ҚК 362 — бабы 4-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деді полицияда.

 



stan.kz