Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары тағы бір апта жұмыс істемейді
Қысқа сілтеме алу
Екі мегаполис тұрғындары тағы бір апта бойы жұмыс істемейді. Бұл кезеңді ұзарту туралы шешімді мемлекеттік комиссия қабылдады
НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір — Sputnik. Алматы мен астана тұрғындары тағы бір апта жұмысқа бармайды. Мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады.
«Мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бұл режимді 13 сәуірге дейін ұзартты. Бұл тұрғындар денсаулығы және мегаполистер тіршілігі үшін маңызды мекемелерден басқа барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға қатысты», — деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, мемлекеттік комиссия Шымкент әкімінің қалада 4 сәуір сағат 21.00-ден бастап карантин енгізу туралы ұсынысын қолдады.
Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында инфекциялық аурухана салу туралы шешім қабылданды.
sputniknews.kz