Нұр-Сұлтан маңындағы демалыс базасы өртеніп жатыр

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Қазіргі таңда өрт әлі сөндірілмеді. Төтенше жағдай салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтаннан 20 минуттық жерде орналасқан Жібек Жолы елді мекеніндегі демалыс орталығынан өрт шықты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға куәгер.

«10 маусымда сағат 15.41-де Жібек Жолы елді мекеніндегі Аstana Resort демалыс аймағында асханадан өрт шықты. Өрт әлі сөндірілмеді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті.  

Қазіргі таңда өрттің аумағы мен себебі анықталып жатыр.



sputniknews.kz