Нұр-Сұлтан ғимараттарының қандай құпиясы бар

0

Сен қаланы осындай деп ойламаған шығарсың! Бұны көргеннен соң үйреніп қалған ғимараттар жанынан жай өте аласың ба?! Қара да, таң қал!

Бұл ерекше фотосуреттер көптеген елордалық пабликте тарады. Олардың авторы – астаналық Алмас Дүйсебаев.

Қаланың атмосфералық, футуристік көріністері мен фотографтың ғажайып қиялы көптеген желі қолданушыларының көңілінен шықты.

Тек көзіңе елестетіп көрші, елордалық нысандардың астында өзге ғаламшарлықтар тығылып, алып гүлдер гүлдеп жатыр, жерасты жол тораптары бар құпия қала өз өмірімен тіршілік етіп, зәулім үйлер биіктігінде, мегаполистің қақ ортасында жаңа ғаламшарлар пайда болуда.

Автордың өзінің айтуынша, бұл суреттерде ешқандай мағыналық салмақ, тұспал да жоқ, бірақ шығармашылық пен шабыт бар.

Бұған қоса, оның еңбектеріне қарап, бұл шынымен біздің қала ма деп ойланып қаласың.

Біз білмеген қанша құпия асфальт, бетон мен шыны қабаттың астында болуы мүмкін?! 

«Астана басқа көзбен» фотожұмыстар сериясына Нұр-Сұлтанның белгілі, танымал ғимараттарының таңғажайып бейнелері кірді.

Сондай-ақ, бұлар мүлдем басқа Ақорда, Бәйтерек, Бейбітшілік және келісім сарайы, Хан-Шатыр, «Шабыт» сарайы, ірі банк пен бизнес-орталық ғимараттары.

Осы фотоларды көргеннен кейін қалаға бұрынғыдай қарай аласыңдар ма?

Алмаз Дүйсебаевтың Қазақстан бас қаласының керемет фотолары — Sputnik Қазақстан фототоптамасында.

 

 



sputniknews.kz