Nur Otan-ның 18 наурыздағы отырысы өтпейтін болды

0

Қазақстанда төрт адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Оқушылар 2020 жылдың 16 наурызынан бастап каникулға шығады

НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. 18 наурызға жоспарланған «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысын өткізілмейтін болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

«Коронавирус індеті таралу қаупінің алдын алу үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты «Nur Otan» партиясының 2020 жылғы 18 наурызға белгіленген Саяси кеңесінің отырысын өткізу тоқтатылады», – деп жазды партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter парақшасында.

​Айта кетейік, Қазақстанда төрт адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Оқи отырыңыз: Білім министрлігі балаларды балабақшаға алып бармауға ұсыныс жасады

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустың таралуына байланысты оқушылар 2020 жылдың 16 наурызы мен 5 сәуірі аралығында каникулда болатынын, ал 16 наурыздан бастап колледж бен жоғары оқу орындары қашықтықтан оқытуға көшетінін жариялады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз