Нұр-Cұлтандағы наразы аналарды полиция қоршауға алды

0

Нұр-сұлтан қаласында таңертеңнен бері наразылық білдіріп жатқан көп балалы аналарды полиция қоршауға алды. Олар Ақорданың алдындағы алаңда тұр. Ондаған аналар егер кешкіге дейін президент пен үкімет жетекшісі келмесе өздерінің аштық жариялап, тұрған жеріннен кетпейтіндерін айтады.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Малыбаев «полиция жасағы аналарды неге қоршауға алды» деген сұраққа былай жауап берді.

– Адамдар келген соң үкімет өкілдері шығып бәрін түсіндірді. Енді адамдар түсініп заң ретінде қарау керек қой. Мына алаңда біреуге қастандық істеп кетсе не болады?! Біздің қызметкерлер бұл кісілер тарағанша тұрады, – деді полиция өкілі.

Жиналған аналарға кей тұрғындар су әкелді, бірақ полицейлер олардың суын алып өзін қоршауға өткізбей қойды. Бірақ олардың не үшін жібермегенін полицейлер түсіндірмеді.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз