Нотр-Дам де Пари шіркеуінің қабырғалары құламайтындай нығайтылды

0

Париж сәулетшілері мен құрылысшылары 15 сәуірде өртенген Нотр-Дам де Пари шіркеуінің конструкциясын тексеріп, нығайтты. Оқиға орнында жұмыс істеген өрт сөндірушілер апта соңында шіркеуден кете бастады деп хабарлады Францияның ресми орындары.

Қалалық өрт сөндіру қызметінің ресми өкілі Аssociated Press агенттігіне мамандардың шіркеу қабырғасының құламайтындай нығайғанына көзі жеткенін айтқан. Маман қанша өрт шалса да, шіркеудің құламай қалғанына таңданған.

Қазір өрттің себептері анықталып жатыр. Le Parisien басылымы өртке компьютерлік ақау себеп болуы мүмкін деп болжайды. Дәл осы ақаудың салдарынан өрт сөндірушілерге оқиға орны жайлы қате ақпарат түскен. Тергеушілер реставрация кезінде қолданылған уақытша лифтілердің жағдайын тексеріп жатыр. Олардың пікірінше, дәл осы лифтілер өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.

Тоғыз ғасыр бойы Француз мәдениеті мен тарихының символы саналып келген шіркеу құрылысы 12 ғасырдың ортасында басталып, 200 жылға созылған. Өрт кезінде шіркеудің қорғасыннан құйылған шатыры құлады, оны 19 ғасырда сәулетші Эжен Виолле-ле-Дюк салған.

Нотр-Дам де Пари шіркеуіндегі өрт. (15 сәуір 2019 жыл).

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз