Нью-Йорктегі концертте америкалықтар Димақша тік тұрып қошемет көрсетті – видео

0

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Димаш Құдайберген кеше Нью-Йоркте Игорь Крутойдың 65 жылдық мерейтойына арналған концертте өнер көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан — Sputnik. Нью-Йоркте өткен концертте Димаш Құдайбергенді көрермендер ыстық ықыласпен қарсы алып, тік тұрып қошемет көрсетті.

Димаш Құдайберген Barclays Center концерт залында ресейлік композитор Игорь Крутойдың мерейтойлық кешінде өнер көрсетті.

Кеште Димаш Игорь Крутойдың бірнеше шығармасын және өзінің концерттік бағдарламасынан әндер орындады. Көрермендер әншіні ыстық ықыласпен қарсы алып, ерекше қошемет көрсетті. Димаштың құшағын гүлге толтырып, оның әндерін бірге шырқады. Америкалықтардың орындарынан тұрып қол соққан сәтін Қанат Айтбаев өз парақшасында жариялады.

Игорь Крутойдың концерті Бруклинде Barclays Center орталығында өтті. Димаштан басқа кеште «А-Студио» тобы, Ирина Аллегрова, Николай Басков, Филипп Киркоров, Валерий Леонтьев, Анжелика Варум, Ани Лорак, Дима Билан, Сергей Лазарев  және тағы басқа ресейлік эстрада әншілері өнер көрсетті.

Билеттің бағасы 105-тен 1205 доллар (41 и 470 мың теңге) шамасында болды.

Бір күн бұрын Димаш Құдайбергенді фанаттары әуежайдан дүркіретіп қарсы алған еді.

Ал Димаштың АҚШ-тағы жеке концерті 10 желтоқсанда Barclays Center орталығында өтеді. Концерт залына 19 мың адам сыяды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз