Назарбаевтың рөлін ойнаған актер мәжіліс депутаты болды

0

16 тамызда Нұр-Сұлтанда өткен «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесі бюросының жиынында парламент мәжілісіндегі партия мандаты Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықоваға, актер Нұрлан Әлімжановқа, Екібастұз әкімі Нұржан Әшімбетовке, ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбековаға берілді.

Енді бұл мандаттарды Орталық сайлау комиссиясы қабылдауы тиіс.

Әнші әрі актер Нұрлан Әлімжанов Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Балалық шағымның аспаны», «Елбасы жолы», «Тығырықтан жол тапқан» фильмдерінде Назарбаевтың рөлін сомдаған. Ал Әбдіхалықова, Әшімбетов, Омарбекова бірнеше жылдан бері үкіметте жұмыс істеген.

«Нұр Отан» жиынында партия төрағасы Назарбаев алда болатын «заң бойынша 2021 жылы өтуі тиіс — ред.) парламент сайлауына дайындалуды, 21 тамызда партияның кеңейтілген жиынын өткізуді тапсырды.

Жаңалық толықтырылады.

Azattyq