Назарбаев жазушы Нұрпейісовпен кездесті — Ел жаңалықтары

0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен Әбдіжәміл Нұрпейісов мәдениет саласының қазіргі жағдайы жөнінде пікір алмасып, отандық әдебиетті одан әрі дамытудың перспективаларын талқылады», — делінген хабарламада. 

Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов — қазақ әдебиетіне орасан зор үлес қосқан танымалы кеңестік және қазақстандық жазушы әрі аудармашы. Ұлы Отан соғысының ардагері. 22 қазанда оның жасы 94-ке толды. 

Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясы әлемнің 30 аса тіліне аударылған.