Назарбаев университетінде атлетикалық орталық ашылды

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Назарбаев университетіндегі атлетика орталығына мүмкіндігі шектеулі жандар тегін бара алады

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр —  Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Назарбаев Университетінің түлектерін құттықтап, атлетика орталығының ашылу салтанатына  қатысты, деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында.

​»Бүгін Елбасы NU түлектерін құттықтады. Бұдан соң Нұрсұлтан Назарбаев университеттегі атлетика орталығының ашылу салтанатына қатысты», — деп жазды Айдос Үкібай.

Шарада Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу мен ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов те болған.​​

​Назарбаев Университетінің атлетика орталығы –  660 көрерменге арналған арена мен олимпиадалық бассейні бар спорт ғимараты. 19 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Сондай-ақ, сквош-корт, жекпе-жек, семсерлесу, жаттығу залы, дәмхана мен кеңселері бар.    

​Мүмкіндігі шектеулі жандар нысанға тегін бара алады.



sputniknews.kz