Назарбаев үкіметтің жаңа құрамын тағайындады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

176 0 0

Президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің жаңа құрамы туралы қаулы шығарды

АСТАНА, 25 ақпан — Sputnik. Бүгін Қазақстан үкіметінің жаңа құрамы белгілі болды. Бұл туралы президент Назарбаевтың қаулысы Ақорданың ресми сайтында жарияланған.

Конституцияның 44-бабы 3-тармағына сәйкес Елбасы қаулы еткендей, келесі министрліктердің басшылары тағайындалды:

  • Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының қаржы  министрі;
  • Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі;
  • Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі;
  • Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі;
  • Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі;
  • Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова – Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі;
  • Бердібек Машбекұлы Сапарбаев – Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
  • Руслан Ерболатұлы Дәленов – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі; 
  • Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының әділет министрі;
  • Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
  • Сапархан Кесікбайұлы Омаров – Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі;
  • Елжан Амантайұлы Біртанов – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі;
  • Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі;
  • Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев – Қазақстан Республикасының цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
  • Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Қазақстан Республикасының энергетика министрі.

Бұл жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз