Назарбаев: Өзбекстан мен Қазақстан арасында қала пайда болуы мүмкін

0
28 Желтоқсан 2018, 23:33 238 0

Фото: Today.kz

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы басты жетістіктері туралы айтты, сондай-ақ Астанада Орталық Азия басшыларының кездесуіне қатысты пікір білдірді.

«Көрші бес мемлекет – қанымыз да, жанымыз да бір, дініміз де, діліміз де бір адамдармыз. Совет Одағы ыдырап, жеке қалған кезде осы елдердің арасындағы ынтымақтың тығыз болғаны қажет еді. Ол қауіпсіздік үшін де, экономика үшін де, қарым-қатынас үшін де керек. Мен соны ойлап, Орталық Азиядағы одағымызды құрайық, шекарамызды ашайық, сауда-саттық, мәдени қарым-қатынасымыз дұрыс болсын деп бірнеше бастама жасаған болатынмын. Кейін әртүрлі жағдайда бәрі бұзылып кетті», — деді Елбасы.

Тәуелсіздік алғаннан кейін әр мемлекет өз жолына түсті.

«Қазір, мінекей, жағдай мүлдем өзгерді. Өзбекстанның 33 миллион халқы бар. Ол біздің арамыздағы ең ірі мемлекет болып саналады. Ол мемлекетпен бізге қарым-қатынас жасау керек. Бір миллиард долларға жетпей жүрген сауда-саттығымыз биыл үш миллиард доллар болды. Биыл сауда-саттық 42% өсті. Біз сауда-саттықты бес миллиард долларға жеткізуді мақсат етіп отырмыз, себебі бізде жоқ нәрсе оларда бар, оларда жоқ нәрсе бізде бар. Өзбекстан арқылы келетін газдың бағасы 30% арзан болады. Су, Арал мәселесін бірге отырып шешіге мүмкіндік пайда болды», — деді ол.

Елбасы осы жағдай оны қуантатынын айтты.

«Өзбексан мен Қазақстан арасында үлкен кешен салынады. Екі жақтан да өндіріс жасап, ол жерде жаңадан қала пайда болуы мүмкін. Оларға да, бізге де шқандай кедергі жасамайық. Әрине, кезінде реформа барлық жағынан тоқтап қалды. Қазір қиын-қыстау жағдайда Өзбекстанның жаңа президенті барлығын ептеп-ептеп өткізіп жатыр. Мен қолдан келгенше көмектесіп жатырмын. Сол сияқтты басқа да елдермен де кездестік», — дейді Назарбаев.

Бес мемлекет те бір-біріне сапар жасаған.

«Мұндай жағда бұрын соңды болмаған. Ендігі жылдың Қазақстанның Өзбекстандағы мәдени жылы өткелі жатыр. Ташкентте мен де боламын», — дейді ол.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ