Назарбаев Медведевке: Біз тағы да әріптеспіз — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев мәртебелі мейманды қарсы алып, Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.

«Біз сіздермен көптен бері жұмыс істеп келеміз, біз әрқашан ортақ тіл мен өзара түсіністік таптық. Өздеріңіз білетіндей, мен президент қызметінен кетіп қалдым. Қазір мен заң бойынша қауіпсіздік кеңесінің төрағасы мәртебесіне ие болдым. Сондықтан біз қайтадан әріптеспіз. Келіңіздер, жұмыс істеп, сыртқы саясат мәселелері бойынша пікір алмасамыз» — деді Елбасы.

Дмитрий Медведев мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына да тоқталды.

«Менің сыртқы саяси бағыттағы жаңа мемлекеттік ұстанымдарымның бәрі Қазақстанға сапармен басталды. Бұл кездейсоқ емес. Бұл біздің одақтастық қатынастарымызды сипаттайды, сонымен бірге сізді құрметтеуімнің белгісі», — деді Медведев.

Әңгіме барысында Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің төрағасы кеше Мәскеуде өткен Сирия мәселелері бойынша Ресей мен Түркия басшыларының келіссөздерінің нәтижелерін құптады. Елбасы мүдделі тараптардың Астанадағы Сирия реттеу процесін жалғастыруға деген міндеттемесінің ерекше маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев Тұңғыш Президент кітапханасының көрмесінің экспозицияларымен танысты.
 

 

stan.kz