Назарбаев елорданың алғашқы құрылысына атсалысушылармен кездесті

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

1997 жылдың 10 желтоқсанында астана Ақмолаға ресми түрде көшірілді, Қазақстанның жаңа астанасын салу идеясы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі

НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елорданың алғашқы құрылысына атсалысушылармен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш президенті үзеңгілестерімен бірге елорданың құрылуы және даму тарихына арналған көрмені аралады. Онда Елбасы кітапханасының музейі, мұрағаты және кітапханасы қорынан мыңға жуық экспозиция қойылған.

Қазақстанның жаңа астанасы қалай құрылды 

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш президенті астананың алғашқы құрылысына атсалысушыларға арнайы «Назарбаев орталығының» экспозициялық алаңында экскурсия өткізді.

Сондай-ақ, Елбасы елорданы Алматыдан Ақмола қаласына көшірген кездер жайлы естеліктерімен бөлісті.

«Жақын серіктестерім мен адал үзеңгілестерімді көргеніме өте қуаныштымын. Сіздер әсем қаламызды салу барысында әрқашан маған сенімді қолдау көрсеттіңіздер», – деп Elbasy.kz Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінен үзінді келтірді.

10 желтоқсан барлық қазақстандық үшін, әсіресе елорда тұрғындары үшін ерекше күн. Осыдан тура 22 жыл бұрын елорданы Алматы қаласынан Ақмола қаласына ресми көшіру жүзеге асырылды. Осылайша 300 мыңға жуық халқы бар шағын қала республикамыздың жаңа астанасына айналды.

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз