Назарбаев әуежайы халықаралық рейстерді қабылдауды тоқтатады 

0

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 325 адамға жетті. 21 адам жазылып шықты, 1 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. 1 сәуірден бастап елорда мен Алматы әуежайы халықаралық рейстерді қабылдауды тоқтатады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

«1 сәуірде сағат 00.00-ден бастап Нұр-Сұлтанның әуежайы барлық халықаралық және эвакуациялық әуе рейсін қабылдауды тоқтатады», — делінген коронавирус бойынша шұғыл штабтың ресми хабарламасында.

Алматы қаласының әуе кеңістігі де халықаралық жолаушылар рейстері үшін толығымен жабылады. Ертеңнен бастап ондай рейстер Қазақстанның басқа әуежайларына жіберіледі.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйел сұхбат берді 

Айта кетейік, бұған дейін 22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин енгізілуіне байланысты жолаушылар рейстерін қабылдау тоқтатылған болатын. Қазақстан азаматтарын елге қайтаратын әуе рейстері мен жүк лайнерлеріне ғана кіруге рұқсат берілген. 

Карантин күшейтілді

Нұр-Сұлтан мен Алматы толығымен карантинге жабылды.

Сонымен қатар, Ақтау, Атырау, Ақмола облысы мен Қарағанды облысының бес қаласында (Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау және Шахтинск) карантин енгізілді. Ал Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласында уақытша шектеулер бар.

Бүгіннен бастап Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл және Алматы облыстары мен Қызылорда өз шекарасын жапты. 1 сәуірден бастап Петропавл да шектеу енгізеді.

Науқастардың саны артып келеді

Осы уақытқа дейін Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан адамдардың саны 325-ке жетті. 21 адам жазылып шықты, 1 адам қайтыс болды.

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 175,
  • Алматы қаласында – 82,
  • Шымкент қаласында – 2,
  • Ақмола облысы – 10,
  • Ақтөбе облысында – 3,
  • Алматы облысында – 8,
  • Атырау облысында – 13,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 2,
  • Жамбыл облысында – 3,
  • Батыс Қазақстан облысында – 2,
  • Қарағанды облысы – 13,
  • Қызылорда облысы – 8,
  • Маңғыстау облысы – 1,
  • Павлодар облысында – 1,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 2.



sputniknews.kz