Мысырда қайтыс болған қазақстандық елшінің әйелі қауіп-қатердің болғанын айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Айнұр Молдабаева Қазақстанда шет елде жүрген азаматтарымыздың өміріне қауіп төнген жағдайда халықаралық тәртіп ережелері жасалғанына сенбейді. Мысырда жұмбақ жағдайда қаза тапқан Еламан Жолдасовтың жесірі күйеуіне жасалған қауіп туралы өзінің Facebook парақшасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

египетте қайтыс болған елшінің әйелі

«Айналамдағылардың барлығы елшілік көмектеседі ме деп сұрайды. Мен қалай жауап берерімді білмей қаламын. Әуелден болып жатқан жағдайларға қарамастан, тез арада заттарым жинап, балалармен және күйеуімнің денесін алып кетуім керек деген қысым болды. Сондай-ақ қандай да бір қарызды жабу керек деген қауіп төніп тұрған әңгіме болды. Үнемі мені тергеп, күдік туғызатын жауаптар алып, мәліметтерді бұрмалағысы келетін сияқтанып тұрды. 

БАҚ-тағы шудан кейін, бәрі бірден тынышталып қалды. Мен осы уақытқа дейін хабарлағанымның барлығы толықтай шындық болды», — деп жазды Молдабаева Facebook-те.

Парақшасында айтқандары елшіліктің барлық өкілдері туралы емес екенін атап өтті. Қайтыс болған елшінң әйелі қазақстандық билік айтқан өзін-өзі өлтірудің «жұмбақ» нұсқасы туралы былай деді:

«Адамды оп-оңай қаралап, мәселені соңына дейін апармау дұрыс па? Біздің елде адам өмірі соншалықты құнсыз ба? Немесе кейбір БАҚ өкілдері атап өткендей іс шынымен тереңде жатыр ма? Неліктен қан төгілгені туралы ақпаратты жасырады?Неге қолдарында медициналық сараптама нәтижелері жоқ болсада, алдын ала суицид туралы хабарлайды? Біздің СІМ-де елшіліктің өкілдері атынан болжамдар жасайтын көріпкелдер бар ма? «, — деп шамданды ол.

Айнұр Мысырда болған қылмыстық мәселелер бойынша екі жақты келісімдерді дамытуға өзінің жеке үлесін қосуға дайын екендігін айтты.

Жесір қалған Молдабаева Қазақстан халқына жүгініп, бұл мәселе  төңірегінде барлық сарапшыларға жағдайды түсіндіруді сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 17 желтоқсанында Қазақстан елшілігінің мәдени мәселелер жөніндегі маманы Мысырда қайтыс болды. Ер адам өз ауласында өлі табылды.

2019 жылы 19 желтоқсанда Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді үкімет құлуарында қайғылы оқиғаға түсініктеме берді. Оның айтуынша, Каирде табылған өлі дипломат ҚР-ға қайтып оралуы тиіс еді, бірақ оған іссапарға бару жүктелген. 

stan.kz