мұғалімдердің жалақысын екі есе көтеру қашан басталады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, әуелі мұғалімдер мәртебесі туралы заң қабылдануы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов төрт жылда мұғалімдердің жалақысын екі есеге көтеру үшін не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Мұғалімдердің жалақысын көтеру үшін алдымен заңды («Педагог мәртебесі туралы» заң – Sputnik) қабылдау қажет. Осы заң биыл қабылданады деген сенім бар. Бүгін үкімет басшысының орынбасары да осыны айтты. Сондықтан бәрі заңның қабылдауына байланысты болады. Дегенмен, негізгі өзгерістер келесі жылдан басталады деген жоспарымыз бар», – деді Аймағамбетов арнайы баспасөз мәслихатында.

Тағы оқыңыз: Мұғалімдердің зейнет жасы төмендей ме – министр жауап берді

Тоқаевтың тапсырмасы

Бүгін Тамыз кеңесінің пленарлық мәжілісіне қатысқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді тапсырды.

Президенттің айтуынша, бүгінде мұғалімдердің жалақысы ең төмен деңгейде қалып отыр және экономика бойынша орташа жалақының 65 процентін ғана құрайды.

Тағы оқыңыз: Мұғалімдерді аттестациялау: тест тапсыру кезінде заң бұзған ұстаздар қалай жазаланады?

Педагог мәртебесі туралы заң

Бүгінгі жиында мемлекет басшысы «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасының негізгі жаңалықтарына да тоқталды. Оның айтуынша, осы құжатта ұстаздарды қолдаудың кешенді шаралары қарастырылған.

Атап айтқанда, мұғалімдердің жүктемесін азайту, абыройы мен беделін көтеру, материалдық жағдайын жақсарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін қосымша ақыны екі есеге өсіру, еңбек демалысының мерзімін 56 күнге дейін ұлғайту, магистр дәрежесі үшін үстемақы төлеу және тағы басқа шаралар бар.

Тағы оқыңыз: Енді мұғалімдер аптасына бес күн жұмыс істейді



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз