Момышұлының үйіне Жигулимен оққағарсыз келген Қонаев елді сүйсіндірді (видео)

0

Жақында әлеуметтік желіде КСРО тұсында Қазақстанды басқарған Дінмұхамед Қонаевтың әйгілі қолбасшы Бауыржан Момышұлының шаңырағына барған видеосы тарады.

Видеода Қонаев және бірнеше адам дастархан басында риясыз әңгіме-дүкен құрып, күліп-ойнап отырады. Видеодан Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметованы байқауға болады. Ол Қонаевқа шапан жабады. Бірінші хатшы келінге рахмет айтып, алғыс жаудырады.

Бата қайырып сыртқа шыққан Қонаев көк Жигули көлігіне отырып кетеді. Жанынан оққағарлар байқалмайды. Видеоны көрген жұрт Қонаевтың қарапайымдылығына сүйсініп, ыстық ықыластарын білдірді.

oinet.kz