Мөлдір Әуелбекова бұдан былай хиджаб киетін болған ба? Әншінің өзі жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Бірқатар эстрада жұлдызы карантинде келін атанды. Орамалды болғандарын айтып сүйіншілеген сахна еркелері Қазнеттегі пікірді қақ айырды. Бірі оларға бақыт тілесе, енді бірі «өнерден қол үзіп кетпей ме» деп алаңдауда. Танымал әншілердің өміріндегі өзгерістер жайлы әріптестері не айтар екен?!

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Әдетте ұшарын жел, қонарын сай білетін өнер адамдары 3 ай карантинде отбасы, ошақ қасынан табылды. Жарқ-жұрқ еткен өмірге еті үйренген елдің еркелері «той жоқ» деп тосылып қалмапты.

Тамақтың түр-түрін пісіріп, аспаздық шеберліктерін шыңдай түсті. Ал сахнаның серілері конкурс, челлендждермен оқырмандардың көңілін барынша көтерді.

Артур Төлепов: «Абай атамыздың 175 жылдығына орай кереметтей конкурс, челлендж бастап отырған … Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап, әуре етеді ішіне қулық сақтап, өзіңе сен өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап». 

Ал кейбір әншілер үшін карантин тіптен қайырлы болғандай. Жуырда ғана 41 жастағы Алтынай Жорабаева орамалды болғанын айтып, халықтан сүйінші сұрады.

 «Міне жүзік тағылды. Енді ол халықтың алдына шығып таққысы келген жоқ. Себебі ол өзі сондай ұялшақ жігіт. Орыс мінезді, өнерді онша түсіне бермейді».

Төрт қызының рұқсатымен тұрмыс құрған Алтынайды айыптап жатқандар да жоқ емес. Әнші оларға айтар жауабын былайша әнмен өріпті.

Карантинде келін атанаған тағы бір әнші  Мөлдір Әуелбекова.
«Та-дам келіншай келдім. Енді мен жол аштым кетіңдер қыздар».

Эстраданың еркесі жол ашып қана қойған жоқ. Бүрмелі көйлегі мен, басындағы сәлделі орамалы тыңдармандарын алаңдатып қойды. Алайда бұл өзгерістер өнерден қол үзеді дегенді білдірмейді-мыс. Мөлдірдің өнердегі ағасы Жеңіс Сейдолла осылай дейді.

«Өнерден бас тартуы мүмкін емес. Бірақ сахнаға шыққан кезде ол хиджабтың бәрін мен ойлаймын ысырып қойып, жанына, содан кейін әнін айта береді деп. Ол да өзі де айтып жатыр жігітім маған тосқауыл қойып жатқан жоқ. Хиджаппен жүрсең де жүрмесең де болады деп айтты дейді. Бірақ өзіме ұнайды деді», — деді композитор Жеңіс Сейфолла. 

Тыңдарман да сыншы да халық. Сондықтан орындаушының күллі өмірі ел назарынан тыс қаламйды. Бәріне бірдей жағу мүмкін емес, әрине.

Әрбір адам жер дүниеде бақытты болуы лайықты.
 

stan.kz