Митингіге шығатындар бейбітшілік басты құндылық екенін түсінбейді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Ішкі істер министрі азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету полицейлердің басты мiндеті екенін атап өтті 

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Полиция митингілер кезіндегі кез келген заң бұзушылықтың жолын кесуді жалғастырады. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің басшысы Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр Қазақстанның кейбір қалаларында рұқсат етілмеген митингілерді өткізуге және оған қатысуға әрекет жасалғанын атап өтті.

«Бас прокуратураның бірнеше рет ескертуіне қарамастан, жекелеген азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылық әрекеттерін қолдауды жалғастыруда», – деді Ерлан Тұрғымбаев ведомстволар мен аймақтық полиция басқармаларының басшыларымен кездесуде.

Сондай-ақ, оның айтуынша, олар жол қозғалыстарын бөгеп, қақтығыс тудыруға тырысады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы күш қолданады. Мұның бәрі азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Оқи отырыңыз: Заңсыз митинг кезінде ұсталған төрт адам жауапқа тартылды 

Ішкі істер министрі қазақстандық полицияның басты міндеті халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғау екенін айта кетті.

«Полиция үшін ең бастысы – қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп. Заңды сыйлайтын азаматтар үшін алаңдайтын ештеңе жоқ. Ал митингіге жұмысқа барғандай шығатын жекелеген азаматтар қоғам тыныштығына қауіп төндіреді. Олар әлі күнге арандатушылардың ықпалында жүр және өкінішке қарай, бейбітшілік пен тұрақтылық біз үшін ең басты құндылық екенін, оны қастерлеп ұстау қажеттігін түсінбейді», — деп атап өтті министр.

«Сондықтан полиция алдағы уақытта да еліміздің және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау жолында қызмет атқара береді. Елдегi бейбiтшiлiк пен Қазақстан халқының тыныштығын қорғау – бұл біздің басты міндетіміз!», – деп түйіндеді Тұрғымбаев.



sputniknews.kz