министрліктің ресми түсініктемесі / NaN.NaN.

0

Сыртқы істер министрлігі Нью-Йорк полициясынан әзірге ұсталған адам туралы ресми ақпарат түспегенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрлігіне АҚШ билігінен республиканың 27 жастағы азаматының ұсталғаны туралы ресми ақпарат түскен жоқ. Бұл туралы брифинг барысында сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нью-Йоркте Қазақстан азаматының ұсталғаны туралы ақпарат 6 желтоқсанда АҚШ-тың иммиграция және кеден полициясының сайтында жарияланды.

«Нью-Йорк полициясынан ешқандай ресми ақпарат түспегенін хабарлаймыз. Өздеріңіз білетіндей, америкалық тарап заңсыз көші-қонмен күрес жүргізіп жатыр. Мұндай рейдтер оқтын-оқтын өткізіліп тұрады», — деді Смадияров журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Сондай-ақ, Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілі америкалық тарап кейде шетелдіктерді ұстап, кейін босатып жіберетінін атап өтті. Сонымен қатар ұсталғандар туралы ақпарат үшінші елдердің дипломатиялық өкілдіктеріне берілмейді.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық жігіт Кореяда қылмыс жасап, елден қашып кетті

Америка полициясының мәліметінше, мегаполисте бес күнде иммиграциялық заңдарды бұзғаны үшін 12 шетелдік қамауға алынған. Тұтқындалғандардың бәрі – жазадан қашып жүрген қылмыскерлер. Ұсталғандардың арасында елінде іздеу салынған 27 жастағы қазақстандық бар болып шықты. Ол адам тонағаны үшін бес жылға сотталған. Ұсталғандардың бәрі Нью-Йоркте қамауға алынып, иммиграция қызметі сотындағы сот тыңдауын күтіп отыр.   



sputniknews.kz